Тоқаев алаяқ Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуды ұсынды

Тоқаев алаяқ Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуды ұсынды

Тоқаев алаяқ Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуды ұсынды
ашық дереккөзі
Парламент Сенаты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жанғұттиновты қызметтен босату туралы ұсынысын қолдады деп жазды turkystan.kz. Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипптің айтуынша, Мейрам Құрмашұлы Жанғұттинов қызмет бабын асыра пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін айыпталған.
«Мейрам Жанғұттинов сот шешімімен кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енді. Осыған байланысты Президент Жоғарғы сот судьясын босатуды ұсынды», - деді Денис Шипп.
Сенаторлар ашық дауыс беру арқылы Президенттің ұсынысын қолдап, тиісті қаулыны қабылдады. Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданының №2 соты Мейрам Жанғұттиновты 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Сот материалдарына сәйкес, Жанғұттинов Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының экс-судьясы Тұрғынбаеваны алдап, 7 мың АҚШ доллары сомасындағы қаражатты иемденуге тырысқан. Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы пара алу кезінде ұсталды.