«Тыңайтқыш бағасы 2 есе өсті»: Смайылов зауыт басшыларын сынға алды

«Тыңайтқыш бағасы 2 есе өсті»: Смайылов зауыт басшыларын сынға алды

«Тыңайтқыш бағасы 2 есе өсті»: Смайылов зауыт басшыларын сынға алды
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов тыңайтқыш бағасының күрт қымбаттауы мәселесін көтеріп, оның егіс науқаны барысында қолжетімді болуы керектігін айтты деп жазды turkystan.kz.
«Биыл минералды тыңайтқыштардың бағасы 2 есе өсті. «Қазфосфад» пен «Қазазот» зауыттары бағаны бірден көтерді. Мұнымен біз келісе алмаймыз. Әрине, олардың инвестициялық бағдарламалары бар, модернизациялау жұмыстары жоспарланған. Біз оны қолдаймыз. Бірақ бағалар бірден өспеуі керек», - деді ол.
Сондай-ақ Үкімет басшысы бұл мәселені монополияға қарсы орган жіті зерттейтінін ескертті.
«Тыңайтқыштың егіс науқаны қарсаңында қолжетімді болуы маңызды. Бұл мәселелерді монополияға қарсы органға тапсырдық. Өндірішулермен бірлесіп, бұл мәселені тез арада пысықтауымыз керек. Жұмысты ұйымдастыру Роман Склярға жүктеледі», - деді Премьер-министр.