Орынбор көшесі "Мәңгілік ел" деп өзгертілді

Орынбор көшесі "Мәңгілік ел" деп өзгертілді

Орынбор көшесі "Мәңгілік ел" деп өзгертілді
ашық дереккөзі
Елорданың қалалық қызметтері Орынбор көшесі деп жазылған тақтайшаларды алып тастап, оның орнына жаңа «Мәңгілік ел» көшесі деп жазылған тақтайшаларды орнатуға кірісіп кетті. Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 10 қарашасында Астана қалалық мәслихатының депутаттары Орынборды Мәңгілік ел, ал Е10 көшесін Орынбор деп өзгерту туралы бастаманы қолдаған болатын. Бастапқы кезде «елорда көшелерінің аты өзгереді» дегенде, қала әкімдігі халыққа қызмет көрсету орталықтары заңды және жеке тұлғалар үшін үй құжаттарын ауыстыратындығын, үйдің техникалық төлқұжатына өзгеріс енгізу тегін болатындығын түсіндірген еді. Алайда, электронды үкімет кеңесшілері құжаттарды ауыстыру 530 теңге тұратынын хабарлаған болатын. Ал қаланың «Алматы» аудандарында Хусейн бен Талал, Кенен Әзірбаев, Темірбек Жүргенов атындағы көшелер пайда болады. Бұған дейін Хусейн бен Талалдың атын иемденген көше Ұлы дала даңғылы аталады. Мұнан бөлек, бұған дейін Иван Панфилов атындағы көшеге Сәкен Жүнісовтің есімі берілсе, Бейбіт Майлин атындағы көше мен жобалық атауы А193 көшесі қосылады. Ал бұған дейін Еңбекшілдер деп аталып келген көше 36-шы көшемен бірігіп, Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталатын болады. Сол сияқты «Сарыарқа» ауданындағы Бөкейханов көшесі ендігі уақытта Әзербайжан Мәмбетов көшесі де аталады. «Есіл» ауданында жаңа 10 көше атауы пайда болады.  Және де бұл ауданда бірқатар көшеге  Нияз би, Нұрпейіс Байғанин, Сұлтанбек Қожанов, Қайым Мұхамеджанов, Никола Тесла, Рабиға Есімжанова, Сәттар Ерубаев, Ханшайым Сүйінбике және Бұқар жырау аттары беріледі.