«Еуропа ресейлік газсыз да күнкөреді» – Еурокомиссия басшысы

«Еуропа ресейлік газсыз да күнкөреді» – Еурокомиссия басшысы

«Еуропа ресейлік газсыз да күнкөреді» – Еурокомиссия басшысы
ашық дереккөзі
Еуропа елдерінде Ресей импортынсыз-ақ осы қыстан қиналмай шығатын газ қоры бар деп жазды turkystan.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап. Бұл туралы Урсула фон дер Ляйен Германияның ARD телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Еуропа ресейлік газсыз да күнкөреді. Ресейден газ импорттаудың қажеті жоқ. Еуропада қыстан шығатын сұйытылған табиғи газ қоры жеткілікті. Бірақ біз келесі жылға қажетті қор жасауымыз қажет. Сондықтан комиссия 1 қазанға дейін ЕО газ қоймаларын кем дегенде 90 пайызға толтыруды ұсынады», - деді Еуропалық комиссиясының төрайымы.
Бұған дейін комиссия онжылдықтың соңына дейін ЕО-ны ресейлік газға тәуелділіктен толық босату жоспарын ұсынған болатын. Бұл баламалы жеткізілімдерге жылдам көшуге және экологиялық таза энергияны пайдалануды кеңейтуге мүмкіндік бермек.