Шошқаның жүрегі алғаш рет трансплантацияланған ер адам қайтыс болды

Шошқаның жүрегі алғаш рет трансплантацияланған ер адам қайтыс болды

Шошқаның жүрегі алғаш рет трансплантацияланған ер адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
АҚШ-та кеудесінде шошқаның генетикалық түрлендірілген жүрегі бар Дэвид Беннетт көз жұмды. Бұл туралы Мэриленд штатындағы университет ауруханасы мәлімдеді деп жазды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Бұл ота Беннетт үшін өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі болған. Сөйтіп, сәтті өткен ота генетикалық түрлендірілген жануарлардан алынған ағзалардың иммундық жүйе қабылдай алатыны және адам мүшелерін тиімді алмастыра алатыны дәлелденген еді. Алайда бірнеше күн бұрын науқастың жағдайы нашарлай бастаған.
«Дэвид Беннетт - емделмейтін жүрек ауруы бар 57 жастағы науқас. Ол шошқаның генетикалық түрлендірілген жүрегі алғаш рет трансплантацияланған адам ретінде тарихта қалған. Өкінішке қарай, ол 8 наурызда қайтыс болды», - деді университет ауруханасының өкілдері.
Айта кетсек, генетикалық түрлендірілген шошқадан адамға бірінші рет жүрек трансплантациясы биылғы 7 қаңтарда жасалған болатын.