Өзін 188 баланың әкесі ретінде көрсеткен алаяқ мемлекеттен қыруар ақша алған (ФОТО)

Өзін 188 баланың әкесі ретінде көрсеткен алаяқ мемлекеттен қыруар ақша алған (ФОТО)

Өзін 188 баланың әкесі ретінде көрсеткен алаяқ мемлекеттен қыруар ақша алған (ФОТО)
ашық дереккөзі
Ұлыбританияда өзін 188 баланың әкесі ретінде тіркеп, мемлекеттен жалған жолмен 1,8 миллион фунт стерлинг (1 млрд теңге) иеленіп келген алаяқ анықталды деп хабарлады turkystan.kz Daily Star агенттігіне сілтеме жасап. 40 жастағы Али Бана Мұхамед 188 балаға салық несиелері мен жеңілдіктер алу үшін достары мен туыстарын пайдаланып келген. Жәрдемақы және салық несиесінің төлемдері кеден тергеушілерінің күмәнін туғызған. Шенеуніктер бір-біріне байланыспайтын құжатта бірдей екі нөмірдің қайта-қайта пайдаланылғанын байқаған. Осыдан кейін Еңбек және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті «Десантшы операциясы» деп аталатын ауыр және ұйымдасқан қылмысты тергеуге кірісіп, алаяқты анықтады. бала Алаяқтықпен айналысқандардың алтауы Liverpool Crown Court сотының шешімімен 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы оқи отырыңыз: «Голливуд фильмдерін ешқандай делдалсыз өзіміз дубляждаймыз» – Сатаев