«Голливуд фильмдерін ешқандай делдалсыз өзіміз дубляждаймыз» - Сатаев

«Голливуд фильмдерін ешқандай делдалсыз өзіміз дубляждаймыз» - Сатаев

«Голливуд фильмдерін ешқандай делдалсыз өзіміз дубляждаймыз» - Сатаев
ашық дереккөзі

Белгілі режиссер Ақан Сатаев елімізде Kinopark – Kinoplexx желісінің жабылуына байланысты үлкен голливудтық компаниялармен жұмыс істейтінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Өздеріңіз білесіздер, өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін голливудтық компаниялар бізге кино беруден бас тартты. Біздің елде 1 сәуірден бастап көрсететін өнім болмайды екен. Бүгін мен кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмас Малдыбаевпен осы мәселе бойынша сөйлестім. Ол кинозалдарда Голливудтың фильмдері болмаса да көпшілікке ұнаған отандық кинолардың көрсетіле беретінін айтты. Мамыр айында Қасым хан туралы фильміміздің түсірілімі бітеді. Ол «Ұлы Дала таңы» деп аталады. Ал Голливудтың киноларына келсем, біз енді олардың фильмдерін ешқандай делдалсыз өзіміз сатып алып, дубляждап, көрерменге ұсынатын боламыз.  Бізде бәрі  жақсы болады», - деді ол.