«Жеңіліс Ресейді күйреуге алып барады» - Соловьев

«Жеңіліс Ресейді күйреуге алып барады» - Соловьев

«Жеңіліс Ресейді күйреуге алып барады» - Соловьев
ашық дереккөзі
Ресей «бұлбұлы» Владимир Соловьев Украинамен соғыс РФ-тың түбіне жететінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол өзінің «Соловьев Live» эфирінің YouTube-тегі нұсқасы жабылып қалуының алдында израильдік «әскери сарапшы» Яков Кедмимен әңгімеде айтты. Ол екеуі Украинадағы қазіргі жағдайды талқылап, «әскери операцияның» сәтсіз болып жатқанын мойындады. Кедми өз сөзінде Ресейдің Украинада жүргізіп жатқан «арнайы операциясына» күдіктеніп, Украинаға Қырымның ресейлік екенін мойындату үшін соғыс ашып, жазықсыз бейбіт халықты қырудың қаншалықты қажеттілігі болғанын мүлдем түсінбейтінін айтты. Сонымен бірге, ол Ресей қарулы күштерінің қабілетсіздігін, олардың екі аптадан бері бірде-бір қаланы ала алмай, бірде-бір қаланың билігін ауыстыра алмағанын атап өтті. Әңгіме кезінде Соловьев онымен келісетінін айтты. Ол Ресей соғыста жеңілсе, сүйекке мәңгі таңба болып қалатынын ескертті.
«Жеңілістің ащы дәмін татсақ, халық алдында, өскелең ұрпақ алдында масқарамыз шығады. Біз бәрібір тозақ отын жандырушылар болып есептелеміз. Енді Батыс бізді ұзақ уақыт жеккөреді. Жеңіліс Ресейді күйреуге алып барады», – деді ол.