Қазақстанда 18 мың үкіметтік емес ұйым бар

Қазақстанда 18 мың үкіметтік емес ұйым бар

Қазақстанда 18 мың үкіметтік емес ұйым бар
ашық дереккөзі

Астанада өткен VII Қазақстанның Азаматтық форумында сөз алған Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов елімізде тіркелген 18 092 үкіметтік емес ұйымдардың 40 пайызы Алматы қаласында орналасқандығын тілге тиек етті. Бұл ұйымдар еліміздің 27 мың азаматын тұрақты жұмыспен қамтыған көрінеді.

Аталмыш форумда арнайы баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов 40 пайыздық көрсеткіш Қазақстандағы ҮЕҰ қызметінің үйлестіруді мінсіз етіп көрсете алмайтындығын атады.

– Бүгінгі таңда біздің еліміздегі ҮЕҰ санының нақтысы 18 092 болса, олардың ішінде белсенді жұмыс жүргізетіні 8 307. Бұл әрине төмен көрсеткіш. Ал енді сол жұмыс істеу дамыған 5 аймақты Астана, Алматы қаласы мен Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы құрайды, – деді Иманғали Нұрғалиұлы.

– Олардың құрылымы біздің азаматтарды көбінесе толғандыратын проблемаларды сипаттайды. Бұл тұрғыда біз үкіметтік емес секторларды қуаты мен қабілеті жағынан елдегі оң өзгерістердің қозғаушы күші бола алатын ниеттестер қауымдастығы деп білеміз – деді ол.