Ресей Федерациясы несиелік дефолтқа ұшырай ма?

Ресей Федерациясы несиелік дефолтқа ұшырай ма?

Ресей Федерациясы несиелік дефолтқа ұшырай ма?
ашық дереккөзі
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Ресейдің несиелік рейтингін 6 сатыға, яғни ең төменгі «С» деңгейіне дейін төмендетті деп жазды turkystan.kz Bloomberg басылымына сілтеме жасап.
«С» рейтингі Fitch тәуелсіз дефолттың сөзсіз екендігі туралы пікірін көрсетеді», - делінген Fitch Ratings мәлімдемесінде.
Агенттік сарапшысы Стюарт Калверхаустың айтуынша, соңғы аптада шетелдік санкциялардың күшейтілуі және Ресей тарапының бұл шектеулерге жауап ретінде жүргізіп отырған саясаты биліктің мемлекеттік қарыз бойынша міндеттемелерді орындауға дайын еместігін көрсетеді. Айта кетсек, Ресейдің Орталық банкі ресми сайтында 9 наурыз бен 9 қыркүйек аралығында қолма-қол ақша операцияларының уақытша тәртібін енгізгенін хабарлаған болатын.