Айдос Сарым еліміздің Ресей ықпалынан ешқашан құтылмайтынын айтты

Айдос Сарым еліміздің Ресей ықпалынан ешқашан құтылмайтынын айтты

Айдос Сарым еліміздің Ресей ықпалынан ешқашан құтылмайтынын айтты
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ресей мен Украина арасындағы соғыста еліміз соңына дейін бейтараптықты сақтап тұруы қажет деп санайды. Сондай-ақ ол мұндай жағдай елімізде болған күнде де Қазақстан әскерінің дайындығына күмән келтіретінін жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан соңына дейін бейтараптылықты сақтап қалуы керек. Әлде ерікті болып барғыларыңыз келеді ме? Ресейдің джиһад жариялағанын қалайсыз ба? Мына сұраққа жауап беріңізші: миллиондаған адамның босқындар лагерінде тұрып, Өзбекстанға немесе Қырғызстанға қашуын немесе біздің қалалардың бомбаның астында қалғанын қалайсыз ба? Басқаны айтпай тұрып, қазақстандықтар өз шаңырағына 20 туысын кіргізуге дайын ба? Біздің әскеріміз дайын ба? Мен біздің әскердің ахуалы қазіргі әлемде болып жатқан сын-қатерлерге дайын емес деп есептеймін. Қаңтардағы оқиғалар көп шындықтың бетін ашып берді», - деді депутат Мәжіліс алаңында сұрақ қойған журналистерге.
Сондай-ақ ол Қазақстан мен Ресейдің экономикасы бір-бірімен тығыз байланысты, бірлесе жұмыс істейтін кәсіпорындары да аз емес екенін алға тартты. Айтуынша, Қазақстанда 3 миллионнан астам орыс тұрса, Ресей аумағында 1 миллионға жуық қазақ бар. Сол себепті, депутат екі елдің арасындағы байланысты үзу мүмкін емес деген пікірде.
«Менен ылғи Қазақстан Ресейдің ықпалынан қашан құтылады деп сұрайтын. Менің жауабым әрқашан біреу – ешқашан. Өйткені біз көршіміз және біздің экономикамыз бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сауданың төрттен бірі Ресей арқылы келеді. Сол себепті, біз ешқашан құтыла алмаймыз. Біз басқа да әрекеттерді жасай аламыз. Қосымша шаралар қабылдап, биржадағы сауданы шектеу арқылы тәуелділікті сәл болса да азайта аламыз», - деді Айдос Сарым.