Қазақстанда қолжетімді болатын 5G ауылға тартылмайды
Қазақстанда қолжетімді болатын 5G ауылға тартылмайды
Мәжіліс отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болатынын айтты деп жазды turkystan.kz.
«Қазір біздің министрлік елімізде 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жоспарымызға сәйкес, жыл соңына дейін республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, ал 2023-2024 жылдары облыс орталықтарында іске қосылады. Ауылға 5G тартылмайды», - деді Асхат Оразбек.