Паралимпиада чемпионы - «Алтын Адам» сыйлығының иегері

Паралимпиада чемпионы - «Алтын Адам» сыйлығының иегері

Паралимпиада чемпионы - «Алтын Адам» сыйлығының иегері
ашық дереккөзі
XV жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы  Зульфия Ғабдуллина мен Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев «Алтын Адам» сыйлығының лауреаттары атанды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. Биыл «Алтын Адам» сыйлығы аясында «Жыл паралимпиадашысы» номинациясында «Алтын Адам» мүсіншесін  Рио-де-Жанейрода Паралимпиада ойындарының чемпионы  Зульфия Ғабдуллина, ал «Қоғамдық тану» номинациясында медальді Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Боранбаев Қайрат Советайұлы алды.Сонымен қатар, Дмитрий Баландин «Жыл спортшысы» атанды. Құрамына жылдың белгілі, құрметті адамдары енген әділқазылар қоғамдық пікірді ескере отырып, батылдығы, ерлігі, дарыны, еңбегі Отанымыздың игілігіне айналған қазақстандықтарды айқындады. 2016 жылғы мәдениет, бизнес, медицина, өнер, спорт саласындағы жоба лауреаттарының есімдерін жариялады.