Қазақта бапкер қалмағандай: Карпович ұлттық құраманы қолға алды

Қазақта бапкер қалмағандай: Карпович ұлттық құраманы қолға алды

Қазақта бапкер қалмағандай: Карпович ұлттық құраманы қолға алды
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Ол «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», ресейлік «Ростсельмаш» пен мәскеулік «Динамо» командаларында ойнаған. Одан кейін жаттықтырушы қызметін бастап, Алматының «Қайрат» клубында жұмыс істеген. Соңғы кездері Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасын жаттықтырған. Карпович ұлттық құрамада ең көп матч өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Ол 55 рет жасыл алаңға шығып, бірнеше рет капитан болған. Бұған дейін еліміздің бас командасын жаттықтырған Талғат Байсуфиновтың кезінде қазақ жастары көп ойнайтын еді. Енді Карповичтің командасында жағдайдың қалай болатынын 24 наурызда ұлттық құраманың ойынында көре жатармыз. Осы күні отандастарымыз Молдова жасағымен кездеседі.