Қарағанды облысында тергеу изоляторының екі қашқыны ұсталды

Қарағанды облысында тергеу изоляторының екі қашқыны ұсталды

Қарағанды облысында тергеу изоляторының екі қашқыны ұсталды
ашық дереккөзі
Шахтинск полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу изоляторының ауласында серуендеп жүрген екі ер адамнан көз жазып қалған деп жазды turkystan.kz. Қашқындарды іздеу шаралары бірнеше сағатқа созылған. Абырой болғанда, олар қайта қолға түсті. Қарағанды облыстық ПД өкілдерінің хабарлауынша, қашу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 426-бабы («Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, 426-бапта 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.