Жаңалықтар

Ірі жол апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

ашық дереккөзі

Ірі жол апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Алматыда жол-көлік оқиғасы болып, Toyota мен Chevrolet маркалы екі көлік соқтығысты деп жазды turkystan.kz. Апат шаһардың Әуезов шағынауданында болған. Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, Toyota Camry автокөлігі Өтеген батыр көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тоқтап тұрған Chevrolet Cobalt көлігіне соғылған. Қатты соққыдан екі көлік те айтарлықтай зақымданды.