Тағы бір Мәжіліс депутатының өкілеттігі тоқтатылды

Тағы бір Мәжіліс депутатының өкілеттігі тоқтатылды

Тағы бір Мәжіліс депутатының өкілеттігі тоқтатылды
ашық дереккөзі
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Сергей Решетниковтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді деп жазды turkystan.kz.
«Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Николаевич Решетников міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы, 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты С.Решетниковтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Жалпы, отырыста Палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.