«2581 әскери инфрақұрылым жермен-жексен болды» – Ресей қорғаныс министрлігі

«2581 әскери инфрақұрылым жермен-жексен болды» – Ресей қорғаныс министрлігі

«2581 әскери инфрақұрылым жермен-жексен болды» – Ресей қорғаныс министрлігі
ашық дереккөзі
Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенко Украина тарапының шығынына қатысты мәлімет таратты деп жазды turkystan.kz.
«Әскери операция барысында Украинаның 2581 әскери инфрақұрылымы жермен-жексен болды. Олардың 90-ы - басқару пункті мен Украина қарулы күштерінің байланыс орталығы. Жалпы, 123 «С-300» зенит-зымыран кешені жойылды. «Бук М-1», «Оса» және 81 радиолокациялық станция қирады. Сонымен қатар, 897 танк пен өзге де брондалған көлік, 95 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, 336 артиллериялық қару-жарақ, 662 арнайы әскери техника және 84 ұшқызсыз ұшатын аппараттың көзі жойылды», – деді Игорь Конашенков.
Сонымен қатар, ведомство өкілі сейсенбі күні «тыныштық режимі» аяқталғаннан кейін Донецк Халық Республикасының қарулы күштері Мариуполь қаласына шабуылдағанын жеткізді. Әскер шаһарға бір шақырымдай жерге тақап келген.