Украина жыл соңына дейін визасыз жүйеге өтеді
Украина жыл соңына дейін визасыз жүйеге өтеді
Украина визасыз жүйеге қосылуға қажетті Еуропалық одақтың барлық талаптарын орындады, деп мәлімдеді Еуропалық кеңес президенті Дональд Туск.
Бұл туралы ол 24 қарашада Брюссельде Украина-Еуропалық одақ саммитінің қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында мәлімдеді.
"Біз қазір визасыз жүйені уақытша тоқтату механизміне қатысты шешімді жыл аяғына дейін қабылдау үшін жұмыс жасап жатырмыз. Оның жүзеге асыруға мүмкіндік жоғары", - деді Туск.
"ЕО мүшелерінің барлығы Украинаға визасыз жүйе беруге дайын екені мені қуантады. Бұл шешім - Украинаның еуропалық стандарттарды сақтаудағы жеткен жетістіктерін мойындау".
"Біз Қауымдастық туралы келісімді мақұлдау жөнінде келістік. Бұл жаңа Украинаның символына айналды", – деді Украина президенті Петр Порошенко.