Жаңалықтар

Павлодарда жаттықтырушы биіктен құлап кетті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Павлодарда жаттықтырушы биіктен құлап кетті (ВИДЕО)

Оқиға Sport city спорт кешенінде болған деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға орнынан түсірілген видеоны куәгерлер Instagram желісінде жариялады. «Ақсу» футбол командасының жаттығуы кезінде доптардың бірі алаңнан ұшып шығып, спорт залдың шатырындағы қуысқа тұрып қалған. Дайындық процесі аяқталғаннан кейін «Ақсу» футбол орталығының қызметкері Қазбек Мәмиленов ғимараттың қауіпсіз емес бөлігіне көтерілген. Оқиға футбол орталығы әкімшілігінің бақылауынсыз және жаттықтырушының абайсыздығынан болған. Ол өз іс-әрекеті туралы кешен әкімшілігіне хабарламаған» деп жазылған ресми мәлімдемеде.