Алматылық діндар жігіт әйелі мен балаларын дәрігерге барғаны үшін сабаған

Алматылық діндар жігіт әйелі мен балаларын дәрігерге барғаны үшін сабаған

Алматылық діндар жігіт әйелі мен балаларын дәрігерге барғаны үшін сабаған
ашық дереккөзі
Алматыдағы «Жан Сая» дағдарыс орталығынан пана сұрап келген әйел өз басынан өткен оқиғаны баяндап, әп-сәтте отбасылық өмірінің қалай өзгергенін айтты деп хабарлады turkystan.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
«Отау құру үшін ұзақ дайындалдық. Жолдасым иманды, салиқалы азамат болатын. Үйлену тойымызда дінге қатысты барлық ғұрыптар сақталды. Ақ некеде үш баламыз дүниеге келді. Бәрі де ойдағыдай, қандай да бір ұрыс-керіссіз өтіп жатқан еді. Кіші қызымның мидың қатерлі ауруына шалдыққаны бәрін де тас-талқан қылды. Сырқаттың салдарынан қызымның басы күн санап өсе берді. Бұл дерт күрделі емді қажет ететін. Бірақ күйеуім дін жолында жүргендіктен, дәрігерге баруға қарсы болды», - дейді ол.
Алайда, әйел күйеуіне айтпай, дәрігерге жасырын түрде барған. Оны білген күйеуі әйелін тоқтаусыз соққыға жыққан.
«Мен қызымның емін жеңілдету үшін, 9 ай көтерген сәбиіме шипа іздеп бардым дәрігерге. Ал жолдасым мұны опасыздық деп түсінді. Мені айыптап, аямай ұратынды, көрпемен тұншықтыратынды шығарды. Тіпті, балаларға да қол көтере бастады. Қызымның жағдайы ауыр, тұрақты ем керектігін түсінсем де, басқа балаларымның тыныштығы үшін дәрігерге баруды азайттым. Бірақ сондай күндердің бірінде күйеуім емханаға барғанымды тағы да біліп қалып, мені де, балаларды да аяған жоқ. Мұндай өмірден шаршаған едім. Дереу заттарымды жинап, дағдарыс орталығына келдім», - дейді шарасыз ана.
Орталық психологтары олардың психологиялық күйін қалпына келтіру үшін жұмыс істеп, заңгер құжаттарын реттеуге атсалысты. Біршама уақыт өткен соң күйеуі де алдына келіп, кешірім сұрап, сыйлықтарын жаудырған. Қазір жәбірленушінің өзі де күйеуімен қайта қауышуды жөн көріпті.