Қазақстанның қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен Өзбекстан қорғаныс министрлігі Бас штабы Бас басқармасының басшысы Фарход Шерматов Астанада кездесу өткізді, деп хабарлайды өзбек баспасөзі.
Жүздесуде олар қазақ-өзбек әскери және әскери-техникалық әріптестіктің өзекті бағыттары бойынша пікір алмасты.
Қазақстан қорғаныс министрі қорғаныс және қауіпсіздік, экстремистік, террористік топтармен күрес саласында екі жақты қарым-қатынасты әрі қарай дамыту қажеттігін атап өтті.
Бұған қоса, Жасұзақов өзбек әріптесін "Алтын үкі" халықаралық арнайы жасақтар жарысы мен "АрМИ-2017" әскер ойындарына қатысуға шақырды.