«Соғысты тоқтатамыз»: Ресей Украинаға басты талабын қойды

«Соғысты тоқтатамыз»: Ресей Украинаға басты талабын қойды

«Соғысты тоқтатамыз»: Ресей Украинаға басты талабын қойды
ашық дереккөзі
Кремль Киевке үндеу жолдап, Мәскеу қойған талаптарды орындаса, кез келген уақытта Украинадағы әскери операцияны тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Reuters басылымына айтып берді деп хабарлады turkystan.kz.
Песковтың айтуынша, Украина әскери іс-қимылды тоқтатып, конституцияға өзгерістер енгізуі керек және бейтарап мемлекет мәртебесін бекітуі қажет. Сонымен қатар Қырымды Ресей жері ретінде мойындап, Донецк пен Луганскты жеке мемлекет ретінде жариялауы шарт. Песков бұл туралы Ресей-Украина арасындағы үшінші келіссөзге дейін айтқан. Оның сөзінше, Киев аталған талаптармен таныс. Алайда Украинаның талапты орындайтын-орындамайтыны әзірге белгісіз.
«Оларға операцияның кез келген уақытта тоқтайтынын айтты. Расымен біз Украинаның әскерін жою мақсатына жетіп қалдық және жақында аяқтаймыз», - деді Песков.
Украина делегациясы Ресеймен келіссөз кезінде бейтарап мәртебесін талқылауға дайын, бірақ Қырым, Донецк және Луганкс мәселесін қарау мүмкін емес екенін мәлім еткен.