Анандиді сомдаған актриса қазақ тілінде сөйлеп, көпшіліктің ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Анандиді сомдаған актриса қазақ тілінде сөйлеп, көпшіліктің ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Анандиді сомдаған актриса қазақ тілінде сөйлеп, көпшіліктің ықыласына бөленді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Танымал үнді актрисасы Авика Гор бейнежазбаға қазақ тілінде сөйлеп, елді тәнті етті. Өнер иесі қазақстандық жанкүйерлеріне үндеу жасап, біздің елге келетінін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетсек, Авика Гор қазақстандық продюсер Нұрлан Қоянбаевтың «I go to School» фильміне түскен. Осы орайда, ол 5 наурыз күні тұсаукесер үшін Алматыға арнайы келетінін айтып, көрермендерді кездесуге шақырған.
«Құрметті қазақстандық достарым! Жуырда Нұрлан Қоянбаевтың I go to School фильмі жарыққа шығады. Онда мен басты рөлді ойнадым. Фильм премьерасы үшін арнайы 5 наурызда Қазақстанға келемін. Сіздерге ыстық махаббатпен Ананди - Авика Гор», - деді ол.
Кейін әлеуметтік желіде қазір өзінің Қазақстанға ұшып келгенін және Алматыда жүргенін жеткізді. Желі қолданушылары оның қазақша сөйлегеніне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген.
 «Жарайсың, Ананди! Сен сияқты кейбір қазақтарымыз да сөйлей алмайды», «Нұрлан Қоянбаев, Авиканы қазақша сөйлеткеніңіз үшін сізге ризамын. Жасай беріңіз!» деп жазуда оқырмандар.