Рубль бағамы тағы құлдырады

7 наурыз, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Рубль бағамы тағы құлдырады Бүгін Forex-те доллар мен еуро рубльге қатысты барлық кезеңдегі ең жоғары деңгейге көтерілді және жұма күнге қарағанда шамамен 20%-ға жоғары саудаланды деп хабарлады tyrkystan.kz. Сағат 12:23-тегі жағдай бойынша (Мәскеу уақыты бойынша) еуроның рубльге шаққандағы бағамы 143,37 рубльге, доллар 133 рубльге дейін көтерілген.