Әкімдер азаматтарға жеке қабылдау өткізеді

Әкімдер азаматтарға жеке қабылдау өткізеді

Әкімдер азаматтарға жеке қабылдау өткізеді
ашық дереккөзі
Президенттің жаңа Жарлығына сәйкес әкімдер халықпен кездескеннен кейін азаматтарға жеке қабылдау өткізеді деп жазады turkystan.kz. Сондай-ақ олардың проблемалық мәселелерін қаржыландыруды мәслихат сессиясында қарау мүмкіндігімен жүйелендіріледі. Осылайша, еліміздегі барлық елдімекен тиісті өңірдің басшылық құрамымен кездесумен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, кездесулер халықтың талап етуі бойынша және қажет болған жағдайда, күнтізбеден тыс өткізілуі мүмкін. Сонымен қатар барлық деңгейдегі әкімдер кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстарда және «электрондық үкімет» веб-порталында тоқсан сайын орналастыруы тиіс.