Шекарада Қырғызстанға 80 тонна бензин өткізбекші болғандар ұсталды

Шекарада Қырғызстанға 80 тонна бензин өткізбекші болғандар ұсталды

Шекарада Қырғызстанға 80 тонна бензин өткізбекші болғандар ұсталды
ашық дереккөзі
Шекарашылар қазақ-қырғыз шекара учаскесінің Қарасу (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пунктінде 80 тонна «АИ-92» маркалы жанар-жағармай материалдарын Қазақстаннан әкетуге жол бермеді деп хабарлады turkystan.kz. Шекара қызметінің мәліметінше, заңсыз тасымалдаушылар мұнай өнімін цемент қаптарының арасына жасырып өткізбек болған. Екі жүк машинасын тексеру кезінде цистерналардың сырты ағаш үгіндісі салынған қаптармен жабылғаны анықталды. Тауар ілеспе құжаттар бойынша «құрама» жүк ретінде рәсімделген. Шекара Алынған жанар-жағармай материалдары Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.