Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

Алматы облысында сібір елігін ат құйрығына байлап сүйреткендер ұсталды (ВИДЕО)

5 наурызда Алматы облысында «Іле-Алатауы» ұлттық паркінің инспекторлары сібір елігін атқан браконьерлерді ұстады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Түрген филиалының инспекторлары Қ.Әшімов, М.Байтасов, К. Жылқайдаровтар рейд жүргізу барысында Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қорығының аумағында аттылы екі тұрғыннан екі мылтық пен сібір елігін (еркегі) анықтады.

Браконьерлер атқан олжасын сол қалпы ат құйрығына байлап сүйреткен. Ұстау кезінде құйрығына елік байланған жануар үркіп, елді мекенге қашқан. Алдымен браконьерлерді құрықтаған инспекторлар артынша елік байланған атты да ұстады.

Инспекторлар құқық бұзушыларды Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қазір аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button