Қазақ-қырғыз шекарасында қазақ сарбазы жоғалып кетті (ФОТО)

Қазақ-қырғыз шекарасында қазақ сарбазы жоғалып кетті (ФОТО)

Қазақ-қырғыз шекарасында қазақ сарбазы жоғалып кетті (ФОТО)
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қырғыз шекарасында із-түзсіз жоғалған сарбаз төрт күннен бері табылмай жатыр деп хабарлады turkystan.kz. ҰҚК шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет атқарып жүрген әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеп жатыр. Іздеуге Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мен Полиция департаментінің күш-құралдары жұмылдырылған.
«Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұлықбек Бердишевке қатысты қандай да бір ақпаратқа ие болғандардың барлығына мына телефон нөмірлері арқылы – 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (Шекара қызметінің сенім телефоны) хабарлауды сұраймыз»,- деп жазылған хабарламада.
Ұлықбек Бердишевті