Дүйсенбі, 6 Ақпан, 2023

Көкшетаулық тұрғын мереке қарсаңында 300 қызғалдақты ұрлап кеткен

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 4 наурызда Көкшетау полициясына гүл сататын дүкендердің бірінің иесі шағымданып, әлдебіреудің 300 қызғалдақты ұрлап кеткенін айтқан деп хабарлады turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, дүкен иесі келтірілген шығынды 90 мың теңге деп есептеген.

Кәсіпкердің айтуынша, ол қызғалдақтарды сақтау үшін гүл салынған қорапты бірер минутқа көшеге қойған. Дәл сол кезде белгісіз адам оны ұрлап кеткен. Тауарының жоғалғанын білген бойда, кәсіпкер бірден полицияға хабар беріпті.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы келіп, гүл салонының камераларындағы жазбаларды қараған. Құқық қорғаушылардың назарына іс-әрекеті күмән тудырған ер адам ілініп, жарты сағаттың ішінде 48 жастағы күдікті ұсталды. Ер адам ұрланған гүлдерді қайда тығып қойғанын да көрсеткен.

Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қызғалдақтар дүкен иесіне қайтарылды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button