Орал тұрғындары сусыз қалды (ВИДЕО)

Орал тұрғындары сусыз қалды (ВИДЕО)

Орал тұрғындары сусыз қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Оралда екі күн бойы толассыз жауған нөсер салдарынан тұрғындар сусыз қалды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Қазір аймақта күн күрт жылынып, қар еріп жатыр. Қаланы тіршілік нәрімен қамтуға жауапты кәсіпорын мамандарының айтуынша, ағын судың көлемі тым көп болған соң кәріз желілеріне түсетін күшті азайтуға тура келген. Өйткені, магистральді кәріз коллекторлары толып қалған. Ондағы су тасыса жеке сектордағы үйлерге қауіп төнеді. Сол себепті су беру уақытша тоқтады. Қазір Исатай батыр көшесіндегі қалдық су құйылатын станция жабық.
«Бұл шешімге амалсыз барып отырмыз. Барлық күшті суды сорғызуға жұмсап жатырмыз. Уақытша қиындықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз» деп хабарлады кәсіпорын басшылары.