Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. 6 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Өскеменде жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен, Семейде 6 наурызда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының шығысында және орталығында тұман түсуі ықтимал. Қостанайда 6 наурызда көктайғақ болады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с. 6-8 наурызда Іле Алатауы, Жетісу Алатауында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. 7-8 наурызда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Қырғыз Алатауы: 6 наурыз және 8 наурыз түнде, 7 наурыз тәулік бойы нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, 6 және 7 наурыз күндіз екпіні 23-28 м/с. Талас Алатауы: 6 наурыз күндіз жауын (жаңбыр, қар) жауады. Батыс Алтай, Тарбағатай: 6 және 8 наурызда кей жерлерде көктайғақ болады. 8 наурызда кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, 6 наурызда екпіні 23-28 м/с. 6 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Қарағандыда 6 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Жезқазғанда 6 наурыз күні оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 6 наурызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ақтауда 6 наурызда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. 6 наурызда Ақмола облысында тұман түседі. Көкшетауда 6 наурызда тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 6 наурызда Атырау облысының шығысында және орталығында бұрқасын, солтүстігінде көктайғақ болады. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Атырауда батыс, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. 6 наурызда Ақтөбе облысының шығысында, солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында 25 м/с. Ақтөбе қаласында 6 наурыз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.