Қаңтарда қаза тапқан әскерилердің отбасына 451 миллион теңге берілді

Қаңтарда қаза тапқан әскерилердің отбасына 451 миллион теңге берілді

Қаңтарда қаза тапқан әскерилердің отбасына 451 миллион теңге берілді
ашық дереккөзі
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметшілері және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне және ауыр жарақат алған 106 қызметкердің отбасы мүшелеріне көмек беруді бастады деп хабарлады turkystan.kz қор сайтына сілтеме жасап. Төлемдер мемлекеттік органдардан алынған ресми тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Бұл санаттағы жәбірленушілерге арналған төлемнің жалпы сомасы - 451 миллион теңге.
Еске салсақ, бұған дейін Қамқоршылық кеңес Қор басқармасына қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметкерлердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне белгіленген сомаларды төлеуді тапсырған болатын.