Жаңалықтар

Қазақстан Даму банкінде кадрлық ауыс-түйіс жасалды

ашық дереккөзі

Қазақстан Даму банкінде кадрлық ауыс-түйіс жасалды

Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметі басқарма құрамындағы ауыс-түйіс туралы хабарлады деп жазды turkystan.kz. «2022 жылғы 25 ақпандағы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Марат Елібаев басқарма төрағасының орынбасары - ҚДБ Басқармасының мүшесі болып тағайындалды. Бұрын банктің басқарушы директоры қызметін атқарған Ботагөз Әбішева ҚДБ басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды» деп жазылған хабарламада.