Әншілер қасіретті қаңтардан кейінгі алғашқы концерттерін бергелі жатыр (ВИДЕО)

Әншілер қасіретті қаңтардан кейінгі алғашқы концерттерін бергелі жатыр (ВИДЕО)

Әншілер қасіретті қаңтардан кейінгі алғашқы концерттерін бергелі жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қаңтардағы бүліктен кейін небары екі ай ғана уақыт өтсе де, біздің әншілер кеш өткізуді бастап кетті. 8 наурыз күні Республика сарайында әнші Роза Әлқожаның концерті өтеді деп жазды turkystan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Дайындығының жоғары екенін айтқан әнші Меркі, Тараз және Алматы қалаларында концерт беруді жоспарлап отыр.
«Кешегі қаңтар қырғынынан кейін халықта үрей, уайым бар, көңілдері түскен. Елге деген махаббатымызды айтып, жігерлендіру керек шығар деп ойлаймын. Ойландыратын, жұбататын, көңіл көтеретін де әндер болса деп жатырмын», – деді әнші Роза Әлқожа.
Мереке күндері жұлдыздардың жұмысы тым қауырт. 6 наурызға Мирас Жүгінісовтің концерті жоспарланған. 8 наурыз күні «Шымкент шоу» жаңа бағдарламасын ұсынады. Бұдан бөлек, Мейрамбек Беспаев, Ғазизхан Шекербек, Айқын және Райм секілді әншілердің де ән кештері өтпек. Пандемия кезінде де мерекелік шаралар өтпей, шығармашылық кештерден қағылған халық, қаңтар оқиғасынан кейін де көңіл аулайтын дүние керек дейді. Жұрттың рухани азық алғысы келетіні байқалады.