Ресей боксы ауыр соққы алды

Ресей боксы ауыр соққы алды

Ресей боксы ауыр соққы алды
ашық дереккөзі
Халықаралық бокс федерациясы (AIBA) Ресей мен Беларусь боксшыларына барлық турнирлерге қатысуға тыйым салды деп хабарлады turkystan.kz. Бұған қоса, AIBA Халықаралық Олимпиада комитетінің ұсынысын қабылдап, ресейлік және беларусь боксшыларын, ресми өкілдерін, төрешілері мен басқа да спорттың осы түріне қатысы бар мамандарын барлық турнирден шеттетті. Ал жақын арада өтетін турнирлерге Ресей мен Беларусь өкілдері бейтарап спортшы ретінде қатысады. Сонымен бірге AIBA ХОК-тың ұсынысын ескеріп, биыл Ресей мен Беларусь елінде өтетін барлық турнирлерге тыйым салды.