Бірінші келіссөзге қатысқан Украина делегациясының мүшесі өлтірілді

Бірінші келіссөзге қатысқан Украина делегациясының мүшесі өлтірілді

Бірінші келіссөзге қатысқан Украина делегациясының мүшесі өлтірілді
ашық дереккөзі
Украинаның қауіпсіздік қызметі ұстау кезінде Гомельдегі бірінші келіссөзге қатысқан Денис Киреевті атып өлтірді. Ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінген деп жазды turkystan.kz. OBOZREVATEL порталына сілтеме жасап. Сонымен қатар, бұл ақпаратты саясаткер Александр Дубинский таратты. Бір қызығы, Денис Киреев Президент кеңсесінде келіссөздердің қатысушысы ретінде таныстырылмаған. Оның есімі баспасөз қызметі жариялаған тізімде де жоқ. Бірақ, фотолардан оның Киев делегациясы өкілдерінің жанында, яғни үстел басында бірге отырғанын көруге болады. Денис Киреев – банк секторының сарапшысы. Ол Ощадбанк басқарма төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары (2010-2014 жж.) және Укрэксимбанк бақылау кеңесінің мүшесі (2006-2012 жж.) болған.