Елімізде доллар 525 теңгеден сатылып жатыр

Елімізде доллар 525 теңгеден сатылып жатыр

Елімізде доллар 525 теңгеден сатылып жатыр
ашық дереккөзі

Доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы қымбаттады деп хабарлады turkystan.kz. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,58 теңгеге өскен. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 492,28 теңге. Таңғы саудада доллар бағамы 503,30 теңгеге тең болды. Ал Ұлттық банк дерегі бойынша, доллардың 5 наурыздағы ресми бағамы - 499,20 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 525 теңге, сатып алу - 519 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 522 теңгеден болса, сатып алу құны - 516 теңге.