Үй малына оқ атып, ұрлап келген барымташылар қолға түсті

Үй малына оқ атып, ұрлап келген барымташылар қолға түсті

Үй малына оқ атып, ұрлап келген барымташылар қолға түсті
ашық дереккөзі

Қарағанды облысында «Скотокрад» республикалық жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары малды атып ұрлады деген күдікпен бірнеше адамды ұстады деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-алдын алу шарасының алғашқы үш күні полиция қызметкерлері тоғыз рет мал ұрлаған 8 ұрыны ұстады. Бұрын жасалған 14 қылмыстың беті ашылса, 11 рет мал ұрлаған екі қылмыстық топ құрықталған. Бүгінге дейін 90 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды.
«2020 жылы Шет ауданында малды атып, әкетіп отырған топ ұсталды. Олардың бұл әрекетінен 2,4 миллион теңге шығын келген. Тінту кезінде барымташылардан тіркелмеген атыс қаруы мен заттай айғақтар тәркіленді. Ал Ұлытау ауданында 2021 жылы 3 миллион теңгенің ірі қарасын ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды», – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Әбіл Әбілдин.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы («Мал ұрлығы») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылып, мүліктері тәркіленуі мүмкін.