Ақтауда қатты желден көпқабатты үйдің қасбеті құлап, көліктер қирады

Ақтауда қатты желден көпқабатты үйдің қасбеті құлап, көліктер қирады

Ақтауда қатты желден көпқабатты үйдің қасбеті құлап, көліктер қирады
ашық дереккөзі
Ақтауда көтерілген дауылдың салдарынан бірнеше нысан құлап, жақын маңда тұрған автокөліктерге зақым келді деп жазды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. Жергілікті басылымның мәліметінше, Ақтаудағы 26-шағынаудандағы 41-үйдің маңында қоршаудың кірпіштері опырылып, жақын жерде тұрған көліктің төбесіне құлаған. Куәгерлердің айтуынша, ескі құрылыс қатты желге төтеп бере алмаған.  width= Тағы бір келеңсіз оқиға 5-шағынаудандағы облыстық филармония ғимаратында болды. Сондай-ақ көпқабатты үйдің сылақтары төменде тұрған көліктің үстіне опырылып түскені туралы хабарланды. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары өңірдің кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін күшейетінін ескертті. Ведомство облыс тұрғындарына үйден шықпауға, көліктерін ағаштар мен сенімсіз құрылыстардан алыс қоюға кеңес берді.  width=