Жаңалықтар

Ақтауда қатты желден көпқабатты үйдің қасбеті құлап, көліктер қирады

ашық дереккөзі

Ақтауда қатты желден көпқабатты үйдің қасбеті құлап, көліктер қирады

Ақтауда көтерілген дауылдың салдарынан бірнеше нысан құлап, жақын маңда тұрған автокөліктерге зақым келді деп жазды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. Жергілікті басылымның мәліметінше, Ақтаудағы 26-шағынаудандағы 41-үйдің маңында қоршаудың кірпіштері опырылып, жақын жерде тұрған көліктің төбесіне құлаған. Куәгерлердің айтуынша, ескі құрылыс қатты желге төтеп бере алмаған.