Ресей соғысқа запастағы әскерилерді жібереді - БАҚ

Ресей соғысқа запастағы әскерилерді жібереді - БАҚ

Ресей соғысқа запастағы әскерилерді жібереді - БАҚ
ашық дереккөзі
Ресей Президенті Владимир Путин Украинамен соғысқа запастағы әскери қызметкерлерді де жіберуді ойластырып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Вилладж порталына сілтеме жасап. Осыған байланысты 20 сәуірге дейін мобилизациялық бөлімшелердің бастықтары запастағы әскери қызметкерлерді тексеріп, олардың мобилизациялық бөлімдерге келулерін қадағалауы керек. Қазір қолда бар деректерге қарағанда, Ресейдің әскерлері өзінің батальон-тактикалық топтарының кем дегенде 95 пайызын пайдаланып үлгерген. Бұдан Украинада РФ-тың барлық әскері соғысып жатқанын көруге болады. Украина қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Даниловтың айтуынша, жаудың қарулы күштері Полеск, Север, Слобожан, Таврия бағыттары мен Біріккен күштер операциясы аймағында қатты шығынға ұшырап жатыр. Олардың 10 мыңға жуық офицері мен солдаттары жер жастанған.