Жаңалықтар

GGG vs Канело: трилогияда төрт титул сарапқа салынады

ашық дереккөзі

GGG vs Канело: трилогияда төрт титул сарапқа салынады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикандық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 KO) биыл шаршы алаңда кездесіп, екінші орта салмақ дәрежесінде бірнеше титул үшін жұдырықтасады деп жазды turkystan.kz. Жуырда Сауль Альварес пен Геннадий Головкин үшінші айқастың келісімшартына қол қойды. Жекпе-жек супер орта салмақ лимитінде өтетін болды. Бұл кездесуде Альварестің 4 белбеуі сарапқа салынады. Қос боксшы арасындағы трилогия, яғни үшінші кездесу 17 қыркүйекке жоспарланған. Бірақ оған дейін Головкин мен Альварестің көктемде өткізетін бір-бір кездесуі бар. Головкин 9 сәуірде Риота Муратамен, Альварес 7 мамырда Дмитрий Биволмен шаршы алаңда жолығады. Егер сол айқаста мексикалық пен қазақстандық спортшының асығы алшысынан түссе, күздегі жекпе-жекке қызу дайындық басталады.