Зеленский НАТО-ның екіжүзділігін бетіне басты

Зеленский НАТО-ның екіжүзділігін бетіне басты

Зеленский НАТО-ның екіжүзділігін бетіне басты
ашық дереккөзі
Украина Президенті Владимир Зеленский жаңа үндеу жолдап, Солтүстік Альянсты (НАТО) сынға алды деп хабарлады turkystan.kz. Ол НАТО-ның қорқақтығынан бейбіт халықтың бомбаның астында қалып жатқанын айтты.
«НАТО-ның саммитінен көңілім қалды. Мұндай екіжүзді саясат бізге керек емес. Біз НАТО-ға үміттеніп едік. Алайда үмітіміз ақталмады. Солтүстік Альянстың қорқақтығынан Украинаның аспаны жабылмай жатыр. Соның кесірінен біздің ел 9 күнде отқа оранды. Иә, әскерімізге қару жағынан да, гуманитарлық та көмек көрсетіліп жатыр. Оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ біз сіздер жіберген 50 тонна жанар-жағармаймен халықтың қанын жуамыз ба? Сондықтан мен бүгіннен бастап әрбір Украина азаматының қазасы Ресей әскерінің ғана емес, НАТО-ның да мойнында болады деп санаймын», - деді ол.
Ал Солтүстік Альянстің бас хатшысы Йенс Столтенберг Зеленскийдің пікірімен келіспейтінін айтты.
«Украина Президенті бір нәрсені түсінбей отыр. Біз оған соғыстың алғашқы күндері Украина аспанын жаба алмайтынымызды айтқанбыз. Егер аспанды жабатын болсақ, Украинаға НАТО-ның әскері баруы керек. Сол кезде Ресейдің әскери техникасымен қақтығыс болса, соғыс өрті Еуропаға жайылып кетуі мүмкін. Ал ол бізге керек емес», - деп жауап берді.