Жаңалықтар

Елордада заңсыз ашылған тағы бір майнинг фермасы анықталды

ашық дереккөзі

Елордада заңсыз ашылған тағы бір майнинг фермасы анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір майнинг фермасының заңсыз қызмет фактісі аңықталды деп хабарлады turkystan.kz. ҰҚКД-мен бірлескен ҚМА елордалық департаменті өнеркәсіптік аймақ аумағында майнинг фермасын анықтады. Тексеру барысында 3 Теңіз контейнерінің ішінде 1170 дана ANTMINER E3, WHATSMINER M20S, ANTMINER T17, ANTMINER L3+ майнингке арналған цифрлық жабдықтың 4 түрі табылды. Ақшалай түрде өндірілген криптовалютаның алдын-ала мөлшері шамамен 2,5 миллион АҚШ доллары болады. ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі («Заңсыз кәсіпкерлік») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.