«Қазгидрометті» 100 жылда бірінші рет әйел басқарып отыр

«Қазгидрометті» 100 жылда бірінші рет әйел басқарып отыр

«Қазгидрометті» 100 жылда бірінші рет әйел басқарып отыр
ашық дереккөзі
2022 жылы 100 жылдығын атап өткелі отырған «Қазгидромет» кәсіпорнын еңбек жолын қатардағы метеоролог болып бастаған Данара Әлімбаева басқарып отыр деп жазды turkystan.kz Экология министрі Серікқали Брекешевтің Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасап.
«Биыл «Қазгидрометке» - 100 жыл! Данара Әлімбаева жайлы атап өткім келеді. «Қазгидрометті» 100 жылдан бері бірінші рет әйел адам басқарып отыр» деп жазды министр.
Қазақстан аумағындағы алғашқы метеорологиялық бақылаулар ХІХ ғасырдың ортасынан басталып, 1848 жылы Қазалы, 1854 жылы Семей, 1856 жылы Ырғыз және Қызылорда, 1859 жылы Алматы және Орал станцияларында тіркелген. Осылайша ХХ ғасырдың басында 28 станция жұмыс істеген.
«Ал бүгінде жерүсті бақылау желісі 347 метеорологиялық станцияны құрайды. Бұл - Қазақстан аумағын 78% метеорологиялық мониторингпен қамтиды деген сөз» деп жазды Брекешев.
Айта кетсек, қазақстандық метеорологиялық бюро (Қазметбюро) 1922 жылдың қаңтарында Орынборда  құрылған болатын.