Орталық Америкада "Отто" ойран салды

Орталық Америкада "Отто" ойран салды

Орталық Америкада "Отто" ойран салды
ашық дереккөзі

       Орталық Америка мемлекеттері – Никарагуа, Коста-Рика  мен Сальвадорда «Отто» дауылы ойран салды. Ауа райы күрт бұзылған аймақтардағы желдің күші сағатына 170 шақырымға жетті, деп хабарлайды korrespondent.net.

       Никарагуа билігі елде төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болған. Өйткені дүлей дауыл мен Тынық мұхитяндағы магнитудасы 7,2-ге жеткен зілзала елдің берекесін алды. Жер сілкінісінен кейін цунами болуы мүмкін деген ескерту жасалып, кейіннен мұндай болжам жоққа шығарылды.

         Коста-Рикадағы жағдай да тұрақсыз. Жағалау маңында тұратын бірнеше мың адам үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған. Төтенше жағдай қашанға дейін созылары белгісіз.

         Қазір дүлей дауыл батысқа қарай жылжуда. Бірнеше тәулік ішінде оның күші қайтады дейді мамандар. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы дерек әзірге тіркелмеген.

         Айта кетейік, қазан айының басында ойран салған Мэтью дауылы Гаитинге 2 миллиард доллардан астам залал келтірген болатын.