Жаңалықтар

Досаев AMANAT партиясы Алматы филиалының төрағасы болып сайланды

ашық дереккөзі

Досаев AMANAT партиясы Алматы филиалының төрағасы болып сайланды

Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов қалалық филиалдың кезектен тыс конференциясына қатысты. Осы жиында делегаттар «AMANAT» партиясы филиалының жаңа төрағалығына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты сайлады. Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, партияның атқарушы хатшысы филиалдың жаңа басшылығына жұмысты жандандыру және сайлауалды міндеттемелердің сапалы орындалуын бақылау міндеттері тұрғанын атап өтті. «Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланыс жасауда транспаренттілікті арттырып, қоғамның барлық өкілдерімен жұмысты күшейту бойынша міндеттер қойды. Партияның барлық сайлауалды уәделерін, азаматтардың талап-тілектерін, аманаттарын орындау негізгі басымдық болып қала береді. Бұл ретте біз мемлекеттік органдардан цифрлар талап ететін тәжірибеден алшақтауымыз керек. Азаматтардың пікірлерін ескере отырып, бағдарламаның тармақтарын нақты іске асыруға ықпал ететін проактивті форматқа ауысуымыз қажет», - деді Асхат Оралов.