Қазақстан батысқа бет бұрды

Қазақстан батысқа бет бұрды

Қазақстан батысқа бет бұрды
ашық дереккөзі
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыс барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, транзиттік-көлік, өнеркәсіп, туризм, геология, денсаулық сақтау және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Сондай-ақ екі ел арасындағы әуе жолдарының географиясын кеңейту және тұрақты рейстер санын арттыру қажеттілігіне назар аударылды.
«Қазіргі жағдайда еліміздің транзиттік әлеуетін іске асыру үшін Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия аумақтары арқылы Еуропа елдеріне өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты көп мүмкіндіктер береді. Осы тұрғыда Ақтау және Құрық теңіз порттарын одан әрі Баку-Тбилиси-Карс темір жол желісі арқылы жүктерді жөнелту бойынша белсенді пайдалануды ұсынамыз», - деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Түркия вице-президенті Ф. Октай Түркия Республикасы Қазақстанмен барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға дайын екенін, мұның өзара тиімді әріптестікті дамытуға ықпал ететінін атап өтті.  width= Отырыс аясында экономикалық ынтымақтастық бойынша жан-жақты келіссөздер жүргізілді. Қазақстан тарапынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау вице-министрлері және басқалары қатысты. Түрік тарапынан Индустрия және технология, Сауда, көлік және инфрақұрылым, Денсаулық сақтау вице-министрлері қатысты. «Соңында ҮАК отырысының қорытынды хаттамасына қол қойылып, бірлескен жоспар қабылданды. Ресми делегация мүшелері өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін екіжақты кездесулер өткізді» делінген хабарламада.