Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, Сенат депутаты: Партия халыққа жақындайды

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, Сенат депутаты: Партия халыққа жақындайды

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, Сенат депутаты: Партия халыққа жақындайды
ашық дереккөзі
Президент сайлауында жеңіс­ке жеткен күннен бастап, ол қоғамдық өмірдің бар сала­сы­на реформадан өткізу саяса­тын жүргізді. Енді қоғам да, адам да бұ­рын­ғыдай өмір сүре алмайты­нын білді. Сондықтан да Қазақ­стан­ды жаңғырту жолын таң­да­ды. Осылай «естуші мемлекет» кон­цепциясы жасалды. Одан кейін Жаңа Қазақстан жолы таңдалды. Бұл қандай бағыт? Бұл жайлы соңғы жылдары эконо­ми­када саяси реформа тұрғысында жасалған алғашқы қа­дамдарды айтсақ та жеткілікті. Ауыл әкімдерінің сай­лауы өтті, саяси партиялардың рөлін көтеруге бағытталған заң­намалық қадамдар да жасалды. Енді аудан әкімдері сай­ланатын болады. Көлеңкелі экономикамен күрес, жем­қорлықты құрықтау, әділ қоғам құру мақсаты да қойыл­ды. Міне, осы жолда Мемлекет басшысы жаңа бағыт, жаңа жол таңдады. Алдағы уақытта жария етілетін Жаңа Қазақстанның жаңа жолын халық асыға күтеді. Президент Жаңа Қазақстан – жаңа қоғам концеп­ция­сын ұсынды. Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясы өзінің тарихи миссиясын орындағанын атап өтті. Енді партия­ның аты «Amanat» деп өзгертілді. Бұл сөздің астары мен мазмұны терең. Аманат – халық сенімі, қоғам тірегі, жауап­кершілік пен әділеттілік кепілі. Енді партияның аты ғана өзгеріп қоймай, оның жұмыс істеу тәсілдері де жаңғырады. Партия халыққа жақындайды. Ол қоғамдық өзгерістердің, болашақта жүргізілетін барлық жүйелік өзгерістердің басында тұратын жаңа партия болмақ. Съезде көтерілген мәселелердің бірі мәслихаттардағы пар­тия депутаттарының рейтингісін көпшілікке жария ету бағыты болды. Еуропа мен Батыстың Ресей тарапына салып жатқан санк­циялары Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Бұл мә­селені Мемлекет басшысы партияның съезінде ашық айтты. Әрине, ел мен жер мәселесі үлкен экономикалық, сая­си және рухани өзгерістерді талап етеді. Ауылды көтеру, жас­тарды ауылға тұрақтандыру – прагматикалық саяси мә­селе. Сондықтан да съезде ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жоба ұсынылды. Бұл – на­зар аударарлық жаңа бағыт. Партияның жарғысына тиісті өзгертулер жасалады. Бұл – заман талабы. Сондай-ақ 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: 10 жылдықтың – 10 мақсаты» және «2025 жылға дейінгі жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар» бағдарламасы да жаңғырып, жаңа тұрпатта модернизациядан өтетін болады. Жалпы, партияның бұл съезі халықтың күткен мәселелерін көтерді деп ойлаймын. Болашақта үлкен міндеттер тұр.

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ,

Сенат депутаты